$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.09.2019, 09:48
Экономика

Сауд Арабиясы «дрондар шабуылына» Иранның қатысы барына дәлелдер келтірмек

Елдің Энергетика министрі Абдел Әзиз бен Салман әл-Сауд мұнай тасымалдау көлемінің бұрынғы қалыпқа келтірілгенін мәлімдеді

Сауд Арабиясы «дрондар шабуылына» Иранның қатысы барына дәлелдер келтірмек
reuters.com

Сауд Арабиясының Қорғаныс министрлігі мұнай өңдеу зауытына жасалған шабуылға Иранның қатысы барына сенімді. Ел үкіметі бұған дәлелдерді бүгін көрсетеміз деп отыр.

«Әл-Ихбария» мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша Саудия королдігі қарулы күштерінің өкілдері арнайы баспасөз мәслихатын өткізуге қамданып жатыр. Әскери ведмствоның арнайы мәлімдемесінде «Saudi Aramco» нысанына жасалған шабуылға Иран билігі қару-жарақ пайдаланғанына әлемнің көзін жеткіземіз»,- делінген.

Сондай-ақ елдің Энергетика министрі Абдел Әзиз бен Салман әл-Сауд мұнай тасымалдау көлемінің бұрынғы қалыпқа келтірілгенін мәлімдеді. «Saudi Aramco» мұнай өңдеу зауытына жеткізілетін қара алтынның көлемі біршама ұлғайды. Тиісінше мұнай өндіру кенішіндегі жағдай да бақылауға алынып, өндіріс бұрынғы деңгейге жетті, деді министр. Өткен сенбіде Сауд Арабиясындағы ірі мұнай өңдеу зауыттарына дроннан шабуыл жасалып, өрт тұтанған болатын. Ресми Эр-Рияд өндіріс көлемін екі есеге қысқартып, тәулігіне алынатын 9,8 млн. баррель мұнай 5,7 млн. баррельге азайғанын мәлімдеген еді. Әлемдік сарапшылар бұл оқиға мұнайдың халықаралық нарықтағы құнын кем дегенде 75 АҚШ долларына дейін шарықтатады деп болжаған. Қазақстандық экономика сарапшылары араб елдеріндегі текетірестің салдары Қазақстан экономикасына әсер етпейді деп мәлімдеді.

Оқи отырыңыз: Мұнай нарығындағы өзгерістер Қазақстанға әсер ете қоймайды - сарапшы

Дәл қазір әлемдік биржада Brent маркалы мұнайдың баррелі $ 64.32 деңгейінде тұрақтаған. Сауд Арабиясының аумағындағы мұнай зауыттарына бағытталған қастандыққа жексенбі күні йемендік хусит содырлары жауапкершілік алған болатын. Алайда «дрондар шабуылы» Иран қорғаныс күштерінің ісі деген болжам әлем назарын өзіне аударды. Себебі АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео өрттің шығуына Йемен тарапының қатысы бар дегенге ешқандай дәлелелдер жоқ деп мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары