KASE: Доллар бағамы 1,35 теңгеге арзандады

Автор: Azattyq Rýhy

Айырбастау орындарында 1 долларды 426 теңгеден сатып алып жатыр

Фото: Батыржан Беспаев

Қазақстан қор биржасының хабарлауынша (KASE), 23 қарашадағы сағат 11:00-дегі жағдай бойынша сауда-саттық қорытындыларына сәйкес, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады.

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 20 қараша кешімен салыстырғанда 1,35 теңгеге арзандап, 1 доллар үшін 426,62 теңгені құраған.

Kurs.kz деректері бойынша, айырбастау орындарында 1 долларды сатудың орташа курсы 426 теңге, ал сатып алу – 429 теңге.

Ұлттық банктің 23 қарашадағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 428,07 теңге.

Сондай-ақ әлемдегі жетекші биржаларда мұнай бағасы аздап көтерілген.