Биыл еліміздің ЕАЭО елдерімен сауда айналымы 13706,6 млн АҚШ долларын құрады
Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен қаңтар-қыркүйектегі өзара саудасы 13706,6 млн АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ұлттық статистика бюросының баспасөз хабарламасына сілтеме жасап.
2019 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда, бұл көрсеткіш 11,6%-ға азайған, соның ішінде экспорт – 3819,5 млн АҚШ доллары (16,5% азайды), импорт – 9887,1 млн АҚШ доллары (9,6% азайды).
«Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымы жалпы көлемінде Ресей Федерациясына – 92,3%, Қырғызстан Республикасына – 4,1%, Беларусь Республикасына – 3,5%, Армения Республикасына – 0,1%-дан келеді», - делінген ақпаратта.