Қаратаудан мұнай табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Геологтар аймақта  мұнайдың кені болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды

Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Интерфакс агенттігі.

«Еліміздің оңтүстігінде мұнайдың белгілері табылды. Бұл ол жерде тезірек барлау жұмыстарын бастауды міндеттейді. Зерттеу барысында отандық геологтар мұнайдың беткі қабықшаларын байқап отыр. Сондықтан жақын уақытта ол жерлерді бұрғылап, мұнайдың қорын іздеуге кірісеміз»,- деді Мағзұм Мырзағалиев.

Министрдің сөзіне қарағанда, мұнай қорының көлемін анықтау үшін Түркістан облысы Қаратау аймағында жұмыстар басталады. Бұл жұмыспен «Қазгеология» АҚ айналысады.