Қазақстанның алтын-валюталық резерві азайды – Ұлттық банк төрағасы

Автор: Azattyq Rýhy

Ұлттық қор активтері де біршама азайған

Фото: ашық дереккөзден

Еліміздің алтын валюталық резервтері азайды. Қазан айында шамамен 200 млн АҚШ долларына кеміді. Бұл туралы бүгін Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді.

Үкімет отырысында ол алтын-валюталық резервтердің азаюына мемлекеттік борыштың өтелуі мен интервенциялық шаралардың жүргізілуі себеп болғанын айтты. 

Ұлттық қор активтері де біршама азайған. Қазір оның көлемі 56,3 млрд АҚШ долларына тең.