Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры өз қызметін тоқтатты

Автор: Azattyq Rýhy

Оның міндеттері Қазақстандық ипотекалық компаниясына өткізілді

Фото: ашық дереккөзден

«Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы – «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ «Қазақстандық Ипотекалық Компания» ИҰ» АҚ-ға қосылу жолымен өз қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy холдингтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кету керек, Қазақстандық ипотекалық компаниясына Қордың үлестік құрылысты аяқтау бойынша кепілдіктер беру функциясы да өтті.

«Осылайша, Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторын құру соңғы сатысында тұр. Сонымен қатар атауын «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» деп өзгерту жоспарлануда», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, «Бәйтерек» холдингі Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша өзінің тұрғын үй блогын оңтайландыруды жүргізуде. Бұл үшін Холдинг өзінің «Бәйтерек девелопмент» және «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» екі еншілес компаниясын үшінші – «Қазақстан ипотекалық компаниясына» біріктіруді жүзеге асырды. Осы мақсатта барлық заңнамалық аспектілер реттелген. ҚИК-ке сондай-ақ құрылыс салушыларды субсидиялау бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының функциялары берілетін болады.

Бірыңғай оператор жеке құрылыс салушылармен және жергілікті атқарушы органдармен мынадай құралдар арқылы қолжетімді тұрғын үй салу бойынша ғана жұмыс істейтін болады.

Қызметті оңтайландыру және қайталанатын функцияларды алып тастау есебінен жалпы әкімшілік шығыстар 40%-ға немесе 3,4 млрд теңгеге қысқартылатын болады. Штат саны 32%-ға немесе 101 бірлікке, оның ішінде басқарушы буын қысқартылатын болады.