Қазақстанда доллар қымбаттады

Автор: Azattyq Rýhy

Нұр-Сұлтанның айырбас пунктерінде доллар орташа есеппен 430,69 теңгеден сатылып жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда доллар курсы қымбаттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy KASE-ке сілтеме жасап.

26 қазандағы таңғы сессияның қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,48 теңгеге қымбаттап, 429,38 теңгені құрады.

Kurs.kz деректері бойынша, Алматының айырбас пунктерінде долларды сатудың орташа курсы 430,53 теңге, ал сатып алу – 428,98 теңге.

Нұр-Сұлтанның айырбас пунктерінде доллар орташа есеппен 430,69 теңгеден сатылып жатыр. Сатып алу – 429,46 теңге.