АҚШ долларын алмастыратын балама валюта әзірленіп жатыр – БАҚ

Автор: Azattyq Rýhy

Шамамен 1,95 трлн доллар ешкімге қажет болмай қалуы мүмкін

Фото: zen.yandex.ru

АҚШ-та долларды «коронавирус инфекциясын тасымалдаушы» ретінде санап, қағаз ақшаны алмастыруды көздеп отыр, дейді америкалық журналист Билл Сарди.

Журналистің айтуынша, Халықаралық Валюта Қоры мен Дүниежүзілік банк коронавирус пандемиясы жағдайында қағаз ақшаларға алдын ала тыйым салып, адамдарды жаһандық сандық валютаны енгізуді талап етуі мүмкін.

«Қазірдің өзінде бөлшек саудамен айналысатындар «вирус тасымалдаушы» ретінде қағаз ақшадан бас тартып жатқанын көріп отырмыз. Қазір АҚШ валютасы мен тиыннан бас тарту жүріп жатыр. Бұл ойдан шығарылған оқиға немесе қастандық теориясы емес», - деп жазады Сарди.

Мақала авторы айналымдағы америкалық долларлар (шамамен 1,95 трлн) ешкімге қажет болмайды деп санайды.

Ал АҚШ Қаржы министрлігі сандық валютаны енгізуді талқылап жатыр. Бұл Үкіметке салық түрінде 500 млрд доллар жинауға мүмкіндік береді және ақшаны басып шығаруға жұмсалатын жыл сайынғы шығыннан 700 млн доллар үнемдеуге сеп болады.

Бұл ретте адамдар банкноттарды сандық ақшамен ауыстырып, одан бас тартуға мәжбүр болады. Банктер қағаз долларды 80 цент сандық ақшамен қабылдауы мүмкін.

Бәрінен бұрын, бұл дағдарыс қолма-қол ақшамен сауда жасайтын және көбінесе банктік шоты жоқ шағын кәсіпкерлерге әсер етеді.

Банкноттардан бас тартудың тағы бір жолы — оларды күміске ауыстыру.

«Күмістің нарықтағы бағасын ұмытыңыз. Мен азық-түлік пен қажетті заттарды сатып алу үшін қолданылатын күміс туралы айтып отырмын. Егер мен жұмыртқа өндіретін фермаға барып, жұмыртқаның белгілі бір бөлігі үшін 50 долларға күміс доллар ұсынсам және мен бұл бағамен келісетін болсам, онда бұл жағдайда күміс доллардың құны 50 долларды құрайды», - деп жазады Билл Сарди.