Әлемде Second Hand киімінің нарығы құлдырады

Автор: Azattyq Rýhy

Қазір тауардың бәрі қоймаларда жиналып тұр

Фото: ашық дереккөзден

Коронавирус індеті сэконд-хенд киімдері саласына да кері әсерін тигізіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Хабар24» арнасына сілтеме жасап.

Ескі киімдерді экспорттаушы компаниялар өз тауарларын Африка, Латын Америкасы мен Шығыс Еуропа елдеріне жеткізу үшін бағаны түсіруге мәжбүр. Алайда соның өзінде, тауар тасымалындағы іркіліс пен сұраныстың аздығына байланысты қоймаларда тонналаған тауар жиналып қалған.

Айта кетейік, БҰҰ дерегіне сай, соңғы 5 жылда қолданыста болған киімнің әлемдік экспорты 4 миллиард доллардан асқан.

«Біз локдаун кезінде киімдерімізді сата алмай қалдық. Соған байланысты Еуропада, тіпті, әлем бойынша сэконд-хенд нарығы құлдырап кетті. Қазір тауардың бәрі қоймаларда сақтаулы тұр», - дейді компания иесі Антонио Де Карвальо.