Венесуэлада инфляция 3000%-дан асты

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл мәліметтерді елдің Ұлттық жиналысының Қаржы комитеті жариялады

Фото: ашық дереккөзден

«Инфляция тамызда 25,04%-ды құрады, ал жыл басынан бері – 1 079,67%», - делінген парламенттің Twitter-дегі аккаунтында жарияланған хабарламада.

Жылдық есеппен алғанда, бағаның өсуі 3 078% құрады. Ақпан айында Венесуэланың Орталық банкі 2019 жылы елдегі инфляция 9585,5% құрады деп хабарлайды Forbes.

Сонымен бірге, ресми ақпараттың жоқтығынан 2017 жылдан бастап ұлттық экономикалық көрсеткіштер туралы есептерді өз бетінше дайындаған парламенттегілердің айтуынша, бағалар өткен жылы 7374,4%-ға өсті. Венесуэла гиперинфляция, ұлттық валютаның құнсыздануымен және қажетті тауарлардың тапшылығымен қатар жүретін әлеуметтік-экономикалық дағдарысты бастан кешуде. БҰҰ-ның мәліметтері бойынша елден 4,5 миллионға жуық адам кеткен, олардың 80%-ы аймақ штаттарында.

Болжамдарға сәйкес, 2020 жылы олардың саны 6,5 миллион адамға дейін өсуі мүмкін.

Жоспарланған экономиканың тиімсіздігі және АҚШ-тың санкциялары өз әсерін тигізді. Венесуэланы тек Чилидегідей нарықтық реформалар мен санкциялардың жойылуы арқылы құтқаруға болады. Бірақ олай деуге әлі ерте.