Қазақстанда жылдық инфляция 7,1%-ға жетті – Руслан Дәленов

Автор: Azattyq Rýhy

Жалпы ішкі өнім 2,9%-ға төмендеген

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда жылдық инфляция 7,1%-ға жетті. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов 2020 жылғы қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша елдің әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері туралы Үкіметте баяндама жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.      

«Тауарлар өндірісі 2,1%-ға өсті. Сонымен бірге, көрсетілетін қызметтер 6,2%-ға қысқарды. Нәтижесінде, жедел деректер бойынша жалпы ішкі өнім 2,9%-ға төмендеді. Жылдық инфляция 7,1%-ды құрады. Бұл біз күткен инфляция дәлізінен біршама төмен (8-8,5%)»,- деді ол.

Министрдің сөзінше, есепті кезеңде келесідей жағымды үрдістер байқалады.

«Экономиканың нақты секторында өсім жалғасуда. Ең алдымен, құрылыс, өңдеу өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы салаларында өсім бар. Импорттың төмендеуі аясында оң сауда балансы сақталуда.

Сонымен қатар, карантиндік шектеулерге байланысты сервистік қызметтер көлемінің қысқаруы, сондай-ақ мұнай өндіру қарқынының жоспарлы төмендеуі байқалады. Бұл экономиканың өсуін тежеуші фактор болды», - деді Дәленов.

Нақтырақ тоқталғанда, өндірістік секторда 2,1%-ға өсім байқалады, оның ішінде құрылыста – 6,3%, өңдеу өнеркәсібінде – 3,8%, ауыл шаруашылығында 2,5% жоғарылау бар.

Абай Сейфулла Нұр-Сұлтан