Бұның алдында базалық мөлшерлеме 16,25% еді
Бүгін, 23 қазан күні Қазақстанның Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені жылдық 15,75% деңгейіне дейін төмендетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Ақпаратты Ұлттық банктің баспасөз қызметі растады.
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені жылдық 15,75% деңгейінде белгіледі», - деп хабарлайды Ұлттық банк.
Айта кетейік, Ұлттық банктің бұның алдындағы базалық ставкасы 16,25% болған.