Бұл туралы ол Құрылтайдағы брифинг кезінде айтты
Құрылтайдағы бұқаралық ақпарат құралдарына арналған брифинг кезінде премьер-министрдің орынбасары, Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қарашада өтетін Мәслихат сайлауына қанша қаржы бөлінетіні туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Журналистер Жұманғариннен Мәслихат сайлауына үкіметтен ақша бөліне ме, бөлінсе, қанша қаржы және қаражат нақты қандай ұйымнан бөлінетінін сұрады.
Серік Жұманғарин мұндай мақсаттар үшін Үкіметтің резерві бар екенін және қаражат сол резервтен ақша бөлінетінін мәлімдеді.
«Біз өткен сайлауларға Үкіметтің қанша қаражат жұмсағанын жариялаған едік. Ал алда өтетін Мәслихат сайлауына келсек, дауыс беру учаскелері анықталып, Орталық сайлау комиссиясы қажет қаражат мөлшерін есептеген соң, біз қаржыны Үкімет резервінен бөлеміз», – деді министр.
Министр Үкімет резервіндегі қаражат әртүрлі мақсаттарға жұмсалатынын түсіндіре кетті. Оның айтуынша, төтенше жағдайларға, қажеттілік туындаған жағдайда өңірлерді қолдауға және тағы басқа жағдайларда қамтылады. Жалпы алғанда, төрт негізгі бағыт бар.
Айта кетейік, Орталық сайлау комиссиясы 2026 жылдың 29 қарашасы күні Мәслихат сайлауы өтетінін хабарлады.