«51 кәсіптен 174 кәсіпке дейін кеңейеді»: Қазақстанда ықтиярхат алғысы келетін шетелдіктер қандай жұмыс істей алады

Автор: Бақыт Шынар

Еңбек министрлігі өзгерісті талқылауға шығарды

Фото: © freepik.com

Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алғысы келетін шетелдіктерге арналған кәсіп түрлерінің тізімі кеңейетін болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы жобасы» Ашық «НҚА» сайтына жарияланған. Ол қазанның алтысына дейін талқыланады.

«Жобада Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу үшін шетел азаматтарына сұранысқа ие кәсіптер тізбесін 51 кәсіптен 174 кәсіпке дейін кеңейту көзделіп отыр» - деп жазылған құжаттың мәтінінде.

Еңбек министрлігі бұл жоба Қазақстан Республикасына экономиканың басым салаларында сұранысқа ие жоғары білікті шетелдік мамандарды тарту үшін жағдай жасауға бағытталған деп сенеді.