Бір ай ішінде әкімшілік полиция 168 мыңға жуық көлікті есепке қойған

Автор: Бақыт Шынар

Жалпы, қазір Қазақстанда 6 миллионнан астам көлік бар

Фото: © magnific.com / The Yuri Arcurs Collection

Биыл маусым айында Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полициясы 167 878 көлікті есепке алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасай отырып.

Ал, мамыр айында әкімшілік полиция 147 668 көлікті есепке қойған.

«Мамыр айында есепке алынған көліктердің 87,4% жеңіл автомобиль, 5,7% жүк автомобиль, 2,4% тіркеме, 1% мотоцикл, 0,9% автобус пен 2,6% өзге де автокөлік түрі», - деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.

Жалпы, 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда 6 миллион көлік тіркелген. Көліктердің көбі Алматы қаласында және Алматы облысында тіркелген.