Мәселе цифрлық активтерге қатысты салыққа қатысты
Елімізде жеке тұлғаларды 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап, 2028 жылдың 31 желтоқсанына дейін Қазақстандағы провайдерлер арқылы жасаған цифрлық актив операцияларының салығынан босату көзделген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Бұл туралы үкіметтің ресми сайты хабарлап отыр. Дереккөзге сүйенсек, премьер- министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бір топ сарапшымен осы түзетулерді талқылаған.
«Атап айтқанда, цифрлық активтердің заңды айналымын ынталандыру үшін жеңіл салықтық жағдай жасау ұсынылады. Ол үшін жеке тұлғаларды 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап, 2028 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңдегі цифрлық активтер қызметі қазақстандық провайдерлері арқылы жасалған цифрлық актив операцияларынан түскен кіріс бойынша жеке табыс салығынан босату көзделген», - деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Түзетулердің жекелеген блогі инвестициялық жобаларды мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіруге және шетелдік инвесторлар үшін неғұрлым тартымды жағдай жасауға арналған.