Ақша айырбастау орындарындағы доллар, еуро және рубльдің бүгінгі бағамы белгілі болды
14 маусым күнгі демалыс күніне орай Қазақстанның ірі қалаларындағы (Астана, Алматы, Шымкент) ақша айырбастау пунктерінде шетелдік валюталардың бағамы тұрақтылығын сақтап тұр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Доллардың орташа сату бағамы 452–456 теңге аралығында болса, еуро 488–493 теңгеден саудалануда. Ал ресейлік рубль 5.0–5.2 теңге деңгейінде бағаланып отыр.
Ұлттық банк бекіткен ресми бағам демалыс күндері өзгеріссіз қалады.