«Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағына табыс көздеп келген 11 инвестор 10 млн теңге шығынға ұшыраған

Автор: Бақыт Шынар

Олар прокуратура арқылы құқықтарын қорғаған

Фото: Ақорда

Жетісу облысының прокуратурасы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетімен бірге «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы мен инвесторлар арасындағы заңсыздықты анықтап, оның салдарын жойды. Осы заңсыздықтардың кесірінен арнайы экономикалық аймаққа инвестиция салып, кейін оның жемісін көргісі келген 11 инвестор  10 млн теңгеден астам артық шығынға ұшыраған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Комитеттің баспасөзге таратқан мәліметіне сүйенсек, шарттарда Азаматтық кодекс нормаларына қайшы келетін ережелер, сондай-ақ басқарушы компанияның қызметтері үшін комиссияны (сыйақыны) есептеу және төлеу тәртібін бұзуға қатысты заңсыздықтар болған.

«Соның салдарынан,  11 инвестор комиссия төлеу бойынша жеңілдіктерді пайдаланбаған, осыған байланысты артық төленген сома 10 млн теңгеден асқан», - деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі.

Жетісу облысының прокуратурасы басқарушы компанияның атына заңсыздықты жою туралы ұсыныс енгізген. Компания өз шарттарын қайта қарап, инвесторларға артық шығындарын қайтарып берген.