Қазақстанда шағын және орте бизнестің саны төрт жыл ішінде 2,2 млн нысанға жеткен

Автор: Бақыт Шынар

Бұл туралы бүгін ұлттық экономика бірінші вице-министрі мәлім етті

Фото: istockphoto.com

Қазақстанда халық табысын арттыру бағдарламасы іске қосылған сәттен бастап негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің өсуі тіркелді. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Азамат Әмрин мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.  

«Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 1,8 млн-нан 2,2 млн-ға дейін өсті, ал секторда жұмыспен қамтылғандар саны 4,5 млн адамға жетті. Экономикадағы ШОБ үлесі ЖІӨ-нің 40,9%-на дейін өсті, жұмыссыздық деңгейі 4,6%-ға дейін төмендеді, ал жұмысқа орналасқан азаматтар саны 912,8 мың адамға дейін өсті», - деді Азамат Әмрин.

Айта кетейік, бұған дейін Амрин Қазақстанда әр адамның мойнында кемі 4 несие бар екенін мәлімдеген еді. Бұған жеке кәсіпкерлердің несиесі кірмейді.