Мұнай-газ саласы үшін «Жаңа кәсіптер атласы» әзірленетін болады
Қазақстанның мұнай-газ саласындағы жаңа кәсіптер мен құзыреттер атласын әзірлеу болашақта сұранысқа ие мамандықтар мен дағдыларды анықтауға көмектеседі және нарықтың негізгі қатысушылары үшін ақпараттық құндылығы бар қарапайым қолданбалы құралға айналады, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
Президент Қ.Тоқаевтың «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 39-тармағын іске асыру мақсатында, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбек нарығында сұранысқа ие жаңа кәсіптер мен құзыреттер атласы» жобасын іске асыру бойынша Жол картасын әзірлеп, бекітті.
Қазақстанның мұнай-газ саласындағы жаңа кәсіптер мен құзыреттер атласын әзірлеу болашақта сұранысқа ие мамандықтар мен дағдыларды анықтауға көмектеседі және нарықтың негізгі қатысушылары үшін ақпараттық құндылығы бар қарапайым қолданбалы құралға айналады.
«Мысалы, жаңа кәсіп – smart-field жүйелерін әзірлеуші, ол көмірсутектерін өндіру көрсеткіштерін арттыру мақсатында мұнай қабатын басқаруға мүмкіндік беретін бағдарламалық және техникалық құралдар кешенін әзірлеуді көздейді. Немесе мұнай-газ саласындағы тағы бір жаңа кәсіп – болашақ digital-технолог – кен орындарының өмірлік циклінн басқаруды автоматтандырудан тұратын мұнай-газ секторының тренді», - делінген хабарламда.
Атлас қазақстандық білім беру ұйымдарына (университеттер, колледждер) және мұнай-газ компанияларына жаңа білім беру бағдарламалары мен кәсіби стандарттарды әзірлеу бойынша бірлескен қадамдар жасауға мүмкіндік береді.