Ұлттық банк БЖЗҚ-дағы күрделі жағдайға байланысты 878 млн доллар сатып алған
Болашақта Ұлттық банк нарықтағы ахуалға байланысты шешім қабылдайды
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы активінің валютадағы үлесі 40 пайыздан азайып кеткен. Сондықтан, Ұлттық банк мамырда биржада 878 млн доллар сатып алуға мәжбүр болған, деп жазады Azattyq Rýhy.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ресми сайтындағы мәліметіне сүйенсек, Ұлттық банк биржадан 878,5 млн доллар сатып алған.
«БЖЗҚ-дағы зейнетақы активтерінің валюталық үлесі 40%-дан төмен болуына байланысты Ұлттық Банк мамыр айында биржадағы сауда-саттық барысында 878,5 млн АҚШ долларын сатып алды. Бұдан кейінгі шешім қабылдау кезінде зейнетақы активтерін инвестициялық басқару аясында нарықтағы ахуал ескеріледі», - деп хабарлаған БЖЗҚ.
Айта кетейік, бірнеше күннен кейін БЖЗҚ қордағы артық ақшаны шешуге болатын жаңа тәсіл мен ақшаның шегін жариялайды.