ОПЕК+ тәулігіне 188 мың баррельге мұнай өндіруді арттырады
Маусым айында жеті ел мұнай өндіру көлемін көбейтеді
ОПЕК+ құрамындағы жеті ел маусым айында мұнай өндірудің мақсатты көрсеткішін тәулігіне шамамен 188 мың баррельге арттыруға келісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Reuters-ке сілтеме жасап.
Біріккен Араб Әмірліктері альянстан шыққанына қарамастан, ұйым бұрын жоспарланған бағытты жалғастыра береді.
Жаңа өсім көрсеткіші өткен жылғы тәулігіне 206 мың баррельдік өсім негізінде есептеліп, одан Әмірліктердің үлесі алып тасталған. Сонымен қатар дереккөздер өндіру көлемінің артуы әзірге шартты сипатта екенін атап өтті — АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы операциясына байланысты Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасының басым бөлігі тоқтап тұр.
БАӘ 1 мамырда ОПЕК және ОПЕК+ құрамынан шығып, альянстағы 60 жылға жуық мүшелігін тоқтатты. Ұйымның статистикалық бюллетеніне сәйкес, 2024 жылы Әмірліктер жалпы өндірістік квотаның 13,5%-ын құраған. Мұнай өндіру көлемі бойынша БАӘ альянста үшінші орында болған.