Ұлттық банк сәуір айында базалық мөлшерлемені өзгерткен жоқ

Автор: Бақыт Шынар

Ол 18,0% деңгейінде қалды

Фото: Ұлттық банк

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені 18,0% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Ұлттық банктің дерегінше, жылдық инфляция 2026 жылдың наурызында 11% дейін баяулаған. Бұған ақша-кредит шарттарының қатаңдығы, теңгенің нығайғаны және тұтынушылар алған несиенің баяулауы себеп болған.

Ұлттық банк наурызда айлық инфляция ақпандағы 1,1%-дан кейін 0,6%-ға дейін төмендеді деп отыр.