Былтыр Air Astana компаниясының таза пайдасы 35,9 млн долларға азайып қалған

Автор: Бақыт Шынар

Бірақ, компанияның жиынтық кірісі мен өзге де табыстары 11,4% өскен

Фото: компанияның баспасөз қызметі

2025 жылы Air Astana компаниясының таза пайдасы 35,9 млн долларға азайып, 13,6 млн долларға жеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy компанияның ресми сайтына сілтеме жасай отырып.

Дереккөзге сүйенсек, компанияның жиынтық кірісі мен өзге де табыстары 11,4% өсіп, 1,45 млрд доллар болған.

«Ал таза пайдасы (барлық шығындар мен салықтар шегерілгеннен кейінгі нақты табыс) 35,9 млн долларға азайып, 13,6 млн долларды құрады. 2024 жылы бұл пайда 49,4 млн доллар болған», - деп жазылған компанияның есебінде.

Айта кетейік, Air Astana компаниясының әуе паркінде 62 ұшақ бар.