$ 489.39  567.99  6.19
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астаналықтар салық органдарына 3,8 млрд теңге «қарыз» екені анықталды

Қалада 60 мыңнан астам азамат көлік және мүлік салығын төлемеген

Астаналықтар салық органдарына 3,8 млрд теңге «қарыз» екені анықталды
Фото: istockphoto.com

5 наурыздағы жағдай бойынша Астанадағы 60 393 жеке тұлға көлік және мүлік салығын төлемеген. Олардың салық органдары алдындағы қарызы 3 млрд 89 млн теңгеге жеткен. Бұл туралы елорданың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысының міндетін атқарушы Алтынгүл Тоқaева мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, бұл қарыздың көбі көлік салығына жатады. Яғни, қаладағы көлік иелері 2 млрд 750 млн тенге көлемінде салық төлемеген. Спикер көлік салығын төлемеген азаматтарға ескерту жасап, берешек үш айдан астам уақыт өтелмесе және оның мөлшері 40 айлық есептік көрсеткіштен асса, азаматтың Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығуына уақытша шектеу қойылуы мүмкін екенін мәлімдеді.

«Жеке тұлғалар көлік салығын салық төлеушінің тұрғылықты жері бойынша есепті салықықтың кезеңінен кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей төлеуге тиіс. Салықты есептеу кезеңі – күнтізбелік жыл, яғни 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін аралығындағы күнтізбелік жыл көлiк құралдары салығын есептеу үшін салықтық кезең. Айта кету керек, көлік құралдары салығын есептеуді жеке тұлғалар өздері жүргізеді. Сонымен қатар салық органдары есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінде салықты есептеп, осыдан кейін төлеуге қатысты ақпарат салық төлеушілерге қолжетімді болады. Салық төленбеген жағдайда және берешек пайда болған кезде салық органы салық төлеушіге хабарлама жібереді», - деп түсіндірді ол.