Азия Даму банкінің ақшасына Сарығашты айналып өтетін жол салынады

Автор: Бақыт Шынар

Осы жол Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауданың тиімділігін арттырмақ

Фото: istockphoto.com

Премьер-министр Олжас Бектенов пен Азия даму банкінің президенті Масато Канда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілеген стратегиялық бағыттар шеңберінде инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мен инфрақұрылымдық және әлеуметтік маңызы бар жобаларды қаржыландыру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

Осы кездесуде Қазақстан үкіметі мен Азия даму банкі жалпы құны 5,5 млрд доллар болатын 15 жобаны жүзеге асыруға ниетті.

Осы жобалар арасында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ пен Азия даму банкі арасында Сарыағаш қаласын айналып өтетін, ұзындығы 102 шақырым болатын айналма жол салу жобасы бойынша келісімшартқа қол қойылған.

«Аталған жол Б. Қонысбаев атындағы өткізу пункті арқылы Өзбекстанға шығуды қамтамасыз етеді. Жаңа жол транзиттік ағынды елді мекеннен тыс жерлерге шығаруға мүмкіндік береді, бұл тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, автомобиль қатынасын жеделдетеді және Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауданың тиімділігін арттырады», - деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.