Қазақстан мен Дүниежүзілік банк 2026–2031 жылдарға арналған әріптестіктің жаңа негіздемелік стратегиясын талқылады
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Дүниежүзілік банк тобының өкілдерімен кездесе отырып, Банк пен Қазақстан арасындағы 2026-2031 жылдарға арналған әріптестіктің жаңа негіздемелік стратегиясын талқылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Серік Жұманғариннің айтуынша, Дүниежүзілік банк 2031 жылға дейінгі өзара іс-қимыл бағдарын айқындайтын құжатты дайындап жазған.
«Біз Дүниежүзілік банкпен әріптестікті жоғары бағалаймыз. Ұсынылған стратегия сараптама, қаржыландыру және бірлескен бастамалар арқылы біздің реформаларды қолдау үшін негіз жасайды», - деген Жұманғарин.
Үкіметтің ресми сайты хабарлағандай, Дүниежүзілік банктің өкілдері Қазақстанға алты жыл ішінде жыл сайын $1 млрд-қа дейін қаржы бөлуге дайын екенін айтқан.