Моңғолия нарығы қазақстандық кәсіпкерлер үшін ашыла түседі

Автор: Нұргүл Абай

Моңғолияға қазақстандық тауарлар экспортын арттыруға мүмкіндік туды

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Парламент Мәжілісі «Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Моңғолия арасындағы уақытша сауда келісімін ратификациялау туралы» заңды қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мәжіліс ЕАЭО мен оған мүше мемлекеттер және Моңғолия арасындағы Уақытша сауда келісімін ратификациялады. Келісім 2025 жылғы 28 қазанда Минск қаласында жасалған.

Келісімнің мақсаты — ЕАЭО елдері мен Моңғолия арасындағы сауданы жеңілдетіп, ынтымақтастықты күшейту. Соның арқасында Қазақстанда өндірілген тауарларды Моңғолияға сату оңайырақ болады, яғни біздің кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер ашылады.