Brent мұнайы $43 дейін қымбаттады

Автор: Azattyq Rýhy

Дегенмен теңге тағы әлсіреді   

Мұнай котировкалардың өсуіне АҚШ-та жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі және шикі мұнай қорларының қысқаруы ықпал етті, деп хабарлайды Forbes.

Апта соңында ұлттық валютаға қысым әлсірегенімен, кешегі сауда қорытындысы бойынша USD KZT 19 тиынға, бір доллар үшін 405,87 теңгеге дейін өсті.

Апта басынан бері бағам төрт теңгеге немесе 1,0% - ға өсті. Сонымен қатар, KASE-де ресейлік рубльдің бағасы кешегі күні өзгерген жоқ-рубль үшін 5,76 теңге.