Мемлекеттік бюджет кірісі 13% өскен

Автор: Azattyq Rýhy

Сондай ақ, жеті айдағы нәтиже бойынша мемлекеттік бюджеттің тапшылығы 581,1 млрд теңгені құрап отыр

Биыл мемлекеттік бюджет кірісінде өсім бар, осы жылдың жеті айында кірістер 7,1 трлн теңгеден асты, бұл өткен жылмен салыстырғанда 13,2% артық.

Сондай ақ, жеті айдағы нәтиже бойынша мемлекеттік бюджеттің тапшылығы 581,1 млрд теңгені құрап отыр, бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 2,8 есеге көп (202,7 млрд теңге).

ҚР Қаржы министрлігінің мәліметі бойынша, өткен жылмен салыстырғанда барлық деңгейдегі қаражаттың игерілеуінде ілгерілеу бар: мемлекеттік бюджет 98,4%, республикалық бюджет 98,9%, жергілікті бюджет 98,2% (2018 жылдың 7 айы бойынша: МБ — 98%, РБ — 98,6%, ЖБ — 97,9%).

Мемлекеттік бюджет кірістерінің негізгі үлесі әдеттегідей салық түсімдерінен, биыл жеті ай ішіндегі салықтан түскен кіріс көлемі - 4,8 трлн теңге, ал былтыр осы кезеңде 4,2 трлн теңге болған. Салықтық емес түсімдер мен негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер тиісінше 127,6 млрд және 60,6 млрд теңгені құрады.

Қаңтар-шілде айларындағы көрсеткіш бойынша Ұлттық қордан түсетін трансферттер көлемі 2,2 трлн теңгеге жеткен, былтыр бұл 1,9 трлн теңге болған.