Оған айыппұл салынбаған
Зеренді аудандық Мәдениет үйінің басшысы Азамат Темірғалиевтің осыған дейін балағат сөз айтып жатқан аудиосы тарап, басы дауға қалған еді. Зерендінің мәдениет үйі оған қатысты тексеріс жұмысын бастаған болатын. Редакция тексерістің нәтижесі жайлы Ақмола облыстық мәдениет басқармасына сұрау жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ведомствоның мәліметінше, оқиғаға байланысты қызметтік тексеріс жүргізіліп, Азамат Темірғалиевтің лауазымдық өкілеттіктері тоқтатылған.
«Тексерудің қорытындысына сәйкес, кәсіпорын директорына «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік шара қолдану бойынша «Мәдениет үйі» МКҚК-ға хат жолданған болатын, тексеріс аяқталғанға дейін 2025 жылдың 10 қазан күні Азамат Темиргалиев өз еркімен жұмыстан босатылды. Қазіргі таңда «Мәдениет үй» МКҚК директорының міндетін «Мәдениет үй» МКҚК директорының орынбасары Абдуахитова Жанар Мұратқызы атқарып жүр», - делінген ресми жауапта.
Аталған жағдай бойынша Азамат Темірғалиевке қатысты құқық қорғау органдарына арыз-шағымдар тіркелмеген. Осыған байланысты заңнамада көзделген тәртіпте әкімшілік жауапкершілікке тарту немесе айыппұл салу шаралары қолданылмапты.