Еркебұлан Дайыров президенттер қатысқан іс-шарада сыйлық алды

Автор: Алмас Ерсін

«Келешек мұрасы» сыйлығы дәстүрді жаңғыртуғ елеулі үлес қосқан мәдениет қайраткерлеріне беріледі

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдерінің және Әзербайжан президенттерімен бірге «Келешек мұрасы» халықаралық сыйлығын тапсыру рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің айтуынша, биыл тағайындаған бұл сыйлық дәстүрді жаңғыртуға, өнерді дамытуға, сондай-ақ ұлттық рухани мұраны насихаттауға елеулі үлес қосқан мәдениет қайраткерлеріне беріледі.

Қазақстаннан барған Еркебұлан Дайыров «Театр және кино» аталымы бойынша «Келешек мұрасы» сыйлығының лауреаты атанды.