Тоқаев пен Стубб Ұлттық музейді аралады

Автор: Бақыт Шынар

Олар Ұлы даланың ежелгі өнерінен сыр шертетін дүниелерді тамашалады

Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Финляндия президенті Александр Стубб Ұлттық музейге барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ұлттық музейде Қазақстан мен Финляндия президенттер ежелгі заманнан бастап қазіргі дәуірге дейінгі кезеңді қамтитын бірегей тарихи-мәдени құндылықтармен танысты. Мемлекет басшылары Көне түркі өркениеті, Ұлы даланың ежелгі өнері мен технологиялары, Қазақтың дәстүрлі мәдениеті залдарын аралап, аса құнды тарихи жәдігерлерді көрген», - деп хабарлайды Ақорда.

Айта кетейік, кеше, 28 қазан күні Қазақстанға Финляндия президенті Александр Стубб ресми сапармен келген болатын.