Ұлыбританияда қазақ киносының апталығы басталды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақ кино апталығының салтанатты ашылуы Лондонның ең танымал кинотеатрларының бірі – Лестер-сквердегі «Vue West End» кинотеатрында өтті

Мәдени іс-шараны режиссер Сәбит Құрманбековтың «Оралман» фильмі ашты. Шетелдік көрерменге фильмді белгілі кинодраматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, картинаның сценарий авторы Нұрлан Санжар ұсынды.

Салтанатты ашылуында сөз сөйлеген Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшісі Ерлан Ыдырысов кино апталығының бағдарламасы шетелдік көрермендерге отандық кинематографияның байлығы мен жан-жақтылығын ашып, Қазақстанның тарихымен, мәдениеті және дәстүрімен терең танысуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Қазақ киносының апталығы «Рухани жаңғыру»  және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламаларын жүзеге асыру аясында ҚР Ұлыбританиядағы Елшілігі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, сондай-ақ Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның қолдауымен ұйымдастырылды.