Қазақ бейнелеу өнерінің дара тұлғасы дүниеден өтті

Автор: Аягөз Құрмаш

Ол - мемлекеттік сыйлықтың лауреаты еді

Фото: gov.kz

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі қазақ бейнелеу өнерінің көрнекті өкілі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Ағымсалы Дүзелхановтың мезгілсіз қазасына байланысты қайғырып көңіл айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ведомство марқұмның отбасы мен туған-туыстарына, сондай-ақ барша қазақ халқына орны толмас қазаға ортақтасып, қайғыра көңіл білдірді.

«Ағымсалы Дүзелханов – бейнелеу өнерінде өзіндік қолтаңбасымен дараланған бірегей суретші. Оның шығармалары халқымыздың рухын, ұлттық болмысын, замана тынысын айқын көрсетті. Сондай-ақ, ол ұлттық өнердің көкжиегін кеңейтуге зор үлес қосты. Ұстаз ретінде көптеген жас суретшілерге жол көрсетіп, олардың кәсіби дамуына ықпал етті.Қазақ мәдениеті мен өнеріне өлшеусіз еңбек сіңірген тұлғаның мол мұрасы мен жарқын бейнесі ел жадында мәңгі сақталмақ.Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын», - делінген хабарламада.