Қазақстандық драманың АҚШ аумағында тарату құқығын Well Go USA компаниясы сатып алды
Қазақстандық «Томирис» тарихи драмасының АҚШ аумағындағы дистрибуция құқығын Well Go USA компаниясы сатып алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Қазақфильмге» сілтеме жасап.
«Америка Құрама Штатының аумағында «Томирис» фильмінің дистрибуция құқығы сатып алынғаны туралы Variety, Hollywood Reporter және Screen Daily басылымдары жариялады. Осы мәміленің нәтижесінде Arclight Films компаниясы қазақстандық драманың АҚШ аумағында тарату құқығын Well Go USA компаниясына сатты», - делінген хабарламада.
Arclight Films басшысы Гэри Хэмилтон мықты әйелдердің ерлігін паш етіп, шынайы оқиғаларына қызығушылық танытатын әлемде өмір сүріп жатқанынына қуанышты екенін айтты.
Еске салсақ, кинотуынды біздің заманымызға дейінгі VI ғасырда болған оқиғаны суреттейді. Фильмде кішкентай қыздан айбынды жауынгерге айналған, жақындарынан айрылып, сатқындардан өшін алған және сақ тайпаларын біріктірген ұлы даланың аты аңызға айналған Томирис патшайымының тағдыры баяндалады.