Димаштың әндері Барселонаның радиосына жетті
Католония облысының астанасындағы ірі радио Димаш Құдайбергенге құрмет танытып отыр
Барселонаның «Radio Sant Boi» атты радиоасы «la República Santboiana» атты бағдарламасы Димаш Құдайбергеннің әндерін ойнатады. Бағдарламаның жүргізушісі Тереза Ллинас Димаштың шығармашылығына табынатын болып шыққан және қазақ әншісінің дауысын Барселона тұрғындарына да тыңдатқысы келген, деп жазады dimashnews.com сайты.
Бағдарлама жүргізушісі бұған дейін бағдарламаның бірнеше санында Димаштың өмірбаяны мен оның өнері туралы айтып берген. Оның «ARNAU» атты әлемдік турнесі туралы айтқан Тереза алдымен Димаштың «Your Love» әнін, кейін «We Are One» әнін эфирге шығарған. «We Are One» әнін Димаш коронавирус пандемиясымен күресіп жүрген адамдарға арнап жазғанын айта кету керек.
Жалпы, «Radio Sant Boi» радиосы Барселонаны және оның айналасындағы елді мекендерді түгелдей қамтитын радио. Димаштың туған елі туралы сөз болған кезде, радио жүргізушілері Испанияда тұратын қазақ қызын қонаққа шақырған. Ол тікелей эфир кезінде Димаш жайлы, Қазақстан жайлы, Алматыдағы атақты Шымбұлақ жайлы көп ақпарат бергені хабарланып отыр.