Бұл мәртебе ғылыми кадрлар мен дарынды жастарды шоғырландыруға ықпал етеді деп санайды мәжілісмен
Парламент Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Данабек Исабек премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаевқа жолдаған депутаттық сауалында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетіне «ұлттық университет» мәртебесін беруді ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Депутат қазір еліміздің үшінші мегаполисі – Шымкент қаласында орналасқан М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті еліміздің оңтүстік өңіріндегі ғылым мен білімнің флагманы ретінде ерекше стратегиялық маңызға ие екенін атап өтті.
«Университеттің білім беру және ғылыми-зерттеу әлеуеті айтарлықтай жоғары. Онда жиырма мыңнан астам студент білім алады. Жоғары оқу орнында ғылыми-зерттеу институттары, зертханалар, ғылыми орталықтар мен заманауи жабдықталған зерттеу инфрақұрылымы шоғырланған. Шымкент қаласының және Түркістан облысының демографиялық, экономикалық және әлеуметтік өсім көрсеткіштері де М.Әуезов атындағы университеттің маңыздылығын арттыра түседі. Мысалы, Шымкент қаласында халық саны 2025 жылдың 1 сәуірінде 1 млн 264,5 мың адамға жетсе, Түркістан облысында бұл көрсеткіш 2 млн 154,3 мың адамды құрап отыр. Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы аясында ірі өндірістік, ғылыми жобалар қолға алынып, Шымкент қаласын «Ғылым қаласына» айналдыру міндеті қойылған. Университеттің ғылыми әлеуетін ескере отырып, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетіне «Ұлттық университет» мәртебесін беру – әділетті әрі қажетті шешім деп санаймыз», - деді Данабек Исабек.
Мәжілісменнің пікірінше, ұлттық мәртебе: