Бұл – Ұлы Жібек жолы бойындағы экономикалық байланыстардың дәлелі
Атырау облысындағы Сарайшық қалашығында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде түркі әлеміндегі Селжұқ мәдениетіне тиесілі артефактілер табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 24.кz материалдарына сілтеме жасап.
Түркиялық археолог Мухаррем Чекеннің айтуынша, бұл жаңалық Ұлы Жібек жолы бойындағы экономикалық және мәдени байланыстардың нақты дәлелі.
«Сарайшықтағы археологиялық кешендер ортағасырлық қала мәдениетінің бай тарихын дәлелдейді. Мұнда табылған керамикалық су құбырлары Селжұқ кезеңіндегі қалалық инфрақұрылымды көрсетеді», – дейді Анкара университетінің ғалымы Мухаррем Чекен.
Қазба жұмыстары Ащысай мен Қарағайлы аумақтарында жүргізілген. Нәтижесінде:
Бұл табылған жәдігерлер Сарайшықтың сауда мен дипломатияда маңызды орталықболғанын көрсетеді. Ресейлік археолог Вячеслав Плахов та бұл пікірді қуаттайды.
«Сарайшықта Қытай мен Қырымнан келген бұйымдар қатар табылып отыр. Олардың қай өңірден шыққанын нақты анықтауға болады. Бұл – Ұлы Жібек жолы бойындағы өркениеттер тоғысының нақты дәлелі», – дейді Плахов.
Соңғы жылдары Сарайшық мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының археологтары төрт түрлі нысанда қазба жұмыстарын жүргізген. Табылған керамика мен архитектуралық қалдықтар мынадай елдермен мәдени байланыс болғанын көрсетеді:
Мұның бәрі Сарайшықты «Еуропа мен Азия арасындағы алтын көпір» ретінде сипаттауға негіз болады.
2025 жылы Сарайшыққа Анкара университетінің зерттеушілері мен студенттері келеді деп жоспарланған. Бұл – халықаралық ғылыми ынтымақтастық пен ортағасырлық мұраларды зерттеудегі жаңа белес болмақ.