Зейнеткерлердің акциясы Жаңару күніне арналған
Бүгін Астанадағы «Нұрлы жол» бульварында бір топ зейнеткер ұлттық киім киіп, көшеге шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, бұл – Есіл ауданының зейнеткерлері.
«Наурыз – жаңару мен жаңғырудың белгісі. Осыған орай Наурызнаманың алтыншы күні – «Жаңару күні» аясында Есіл ауданының зейнеткерлері ерекше сән көрсетілімін ұйымдастырды», - деп жазған әкімдік.
Айта кетейік, Наурызнама онкүндігі аясында бүгін Қазақстанда Жаңару күні тойланып жатыр.