Шара бүгінгі ұлттық киім күніне орай өткен
Бүгін Астанада 3000 мың оқушы қыз «Қамажай» биін бір мезетте билеп, рекорт орнатқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Білім басқармасының мәліметіне сүйенсек, оқушылар жеңіл атлетика кешеніне жиналған.
«Флешмоб «Науразнама» онкүндігі аясында өтіп, ұлттық киім күніне арналды.. Шараны қаланың білім басқармасы мен Техникалық және көркем шығарма орталығы ұйымдастырды», - деп хабарлайды білім басқармасы.
Айта кетейік, 14 наурызда Қазақстанда Наурыз мейрамын тойлауға арналған Наурызнам онкүндігі басталған болатын. Наурызнама аясында бүгін еліміз ұлттық киім күнін тойлап жатыр.