Абайдың 180 жылдығы, Уәлихановтың 190 жылдығы: биыл Қазақстанда қандай айтулы мерейтойлар өтеді

Автор: Бақыт Шынар

Күні кеше мәдениет және ақпарат министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті

Фото: мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Мәдениет және ақпарат министр Аида Балаева министрліктің алқа отырысында 2025 жылы Қазақстан қандай мерейтойларды атап өтенінін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

«2025 жыл – идеологиялық тұрғыда ерекше атаулы жыл», – деді министр.

Министрдің айтуынша, биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы, Ұлы Жеңістің 80 жылдығы, Конституцияның 30 жылдығы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі бар. Сонымен қатар, Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы, Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығы, Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы және басқа да көрнекті тұлғалардың мерейтойлары өтпек.

Балаеваның айтуынша, сондай-ақ биыл жеңістің 80 жылдығына орай «Батырларға тағзым» онлайн-платформасы іске қосылады. Порталға 1 млн-ға жуық қазақстандық жауынгердің есімі бойынша мәліметтер, сондай-ақ жеке құжаттары мен фотосуреттері енеді. Аида Балаева саланы цифрландыру мәселесіне де жіті назар аудару қажетін айтты.