Бұл біраз жыл бұрын болған оқиға
«Жігіттер» квартетінің әнші Еркін Нұржанов «Ерке қыз» әніне бейнебаян түсіру кезінде Өзбекстан шекарасынан заңсыз өткен оқиғаны есіне алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
«Жігіттер» квартеті енді танылып келе жатқан «Ерке қыз» әнін түсіруге барамыз дедік. Бірақ ешқайсымызда паспорт жоқ. Ол кезде заңсыз өту деген болатын. Сырдариядан баллондарды жалғап қайық сияқты жалғап қойған. Ақшасын беріп, өтіп кетесің. Қазір айту оңай, бірақ сол кезде «жанымызды шүберекке түйіп, иә, Құдай» деп өтік», - дейді Еркін Нұржанов.
Әнші оның алдында да айтыскер ақын ретінде барып, телевизор ұтып алғанын айтты. Алайда қазір шекараны олай кесуге болмайтынын, бұл біраз жыл бұрын болған оқиға екенін атап өтті.