$ 529.7  545.96  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда Ермек Серкебаевтың ескерткіші ашылды

Ескерткіштің ашылу салтанатына мәдениет министрі мен қала әкімі қатысқан

Алматыда Ермек Серкебаевтың ескерткіші ашылды
Фото: мәдениет және ақпарат министрлігі

Бүгін Алматы қаласында көрнекті опера әншісі, актер, педагог Ермек Серкебаевқа арналған ескерткіш ашылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

Ескерткіштің ашылу салтанатына мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, әншінің ағасы Мұрат Серкебаев пен ұлы Байғали Серкебаев, сондай-ақ шығармашылық зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметіне сүйенсек, ескерткіш Абылай хан даңғылының бойында, Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі ғимаратының алдында тұр.

 «Ермек Серкебаев – сирек кездесетін талант иесі, кәсіби шеберлігі жоғары музыкант. Ол миллиондаған өнерсүйер көрерменнің шынайы махаббатына бөленді. Бүгінгі қазақ операсын Ермек Серкебаевсыз елестету қиын. Оның ғибратты ғұмыры – мәдениетіміздің тарихындағы тұтас бір тарау. Көпшілік білмеуі мүмкін, бірақ ол қоғамдық-саяси өмірде де белсенділік танытып, Тәуелсіздігіміздің қалыптасуы мен нығаюына зор үлес қосты. Сонымен қатар, Ермек Бекмұхамедұлы дарынды музыканттар әулетінің негізін қалады. Балалары мен немерелері оның ісін лайықты жалғастырып, қазақ өнерін әлемнің әр түкпірінде дәріптеуде», – деді ашылу салтанатына сөз алған Аида Балаева.

Айта кетейік, мүсін авторлары – Айдос Бүркітбаев, Тимур Ермұхаметов, Ақылбек Орманбеков пен Қуаныш Асылбай.

Серіктес жаңалықтары