Кинотуынды Oniros Film Awards премиясына қатысқан
Қазақстандағы актер Александр Черепанов «Шатырдағы екеу» киносындағы рөлі үшін Нью-Йорктегі Oniros Film Awards халықаралық кинопремиясының «Жас актер» номинациясын жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ал, киноның режиссері Гүлшат Смағұлова «Режиссер-дебютант» аталымы бойынша финалға шыққан.
«Осы рөлін сомдаған кезде небары 15 жаста болған Александр Черепанов Виталий Давыдовтың шеберханасында актерлік қырын шыңдап жүр және қазір «Балаганчик» театрында өнер көрсетеді. «Шатырдағы екеу» фильмі – 15 жылдан астам тәжірибесі бар режиссер Гүлшат Смағұлованың жұмысы», - деп хабарлайды ұлттық киноны қолдаудың мемлекеттік орталығы.
Фильм былтыр қазақ және орыс тілдерінде прокатқа шыққан.