Танымал Disney студиясы туындысының бес сериясына түскен Депп енді бас кейіпкер ролін сомдамайды, деп хабарлайды Газета.ru ақпараттық порталы
Белгілі болғандай Marvel кинематография әлемінің Небулу образын сомдаған актриса Карен Гиллан «Кариб тезіңі пираттары» кезекті сериясына басты рөлге ұсынылып отыр. «Галактика сақшыларының» жұлдызы Рэд есімді пираттың образында Джонни Депптің орнын басады деп күтілуде.
Гиллан «Доктор Кім» сериалында Эми Понд рөлімен танылған әртіс. Сондай-ақ, ол осы жылдың желтоқсан айында жарық көретін танымал «Джуманджи» фильмінің жаңа сериясында Руби Раундхаус кейіпкерінің рөлін сомдаған.
Джонни Депптің капитан Джек Воробейдің образын сомдамайтыны туралы қауесет өткен жылдың қазан айында таралған болатын. Екі айдан кейін ғана Disney компаниясының өндірістік бөлімі басшысы Шон Бейли ақпаратты растап сұхбат берді.
«Біз пираттар сагасына жаңа энергия мен өмірлік күш бергіміз келеді. Әрине фильмның бұрынғы сериялары өте танымал. Алайда «Дэдпул» авторлары Ретт Риз бен Пол Верник жаңа франшизаға жаңа леп алып келеді деген үмітіміз бар», -деп мәлімдеді Шон Бейли.
Disney студиясының жобаларының арасында «Кариб теңізінің пираттары» фильмі ең сәтті шыққан туынды. Халықаралық прокатта фильм сериялары 4,5 млрд доллар пайда келтірді. Әсіресе Джонни Депп Джек Воробей образының танымалдылығын арттыруға көп септігін тигізді және Disney-дің келбетіне айналды.
Фильмнің бесінші «Өлілер ертегілер айтпайды» сериясы басқа туындыларына қарағанда сәтсіздеу болғанын компания өкілдері мойындайды. Тіпті осы фильміндегі образы үшін Депп «Ең сәтсіз еркек образы» номинациясына бірнеше рет ұсынылған болатын.
Алайда фильмнің актерлік қатарынан шығарып тастауының басты себебі оның атақты актриса Эмбер Хердпен ажырасуы да болуы мүмкін. 2016 жылы актриса күйеуі Джонни Депптің оған бірнеше рет қол жұмсағанын көпшілікке жария етті. Осы жағдайлардан кейін танымал «Джек Воробей» ішімдікке салынып кеткені туралы қауесеттер тез таралып кетті.