Қазір жобаның ел бойынша жиырмадан астам филиалы бар
Қазақстандағы көңілді тапқырлар клубынан басталған «Жайдарман» жобасының басшысы ауысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дереккөзге сүйенсек, жоба басталғаннан бері оны «жетектеп» келе жатқан атқарушы директор Есен Елеукен республикалық телеарналардың біріне бас продюсер болып қызмет ауыстырған. Ал, «Жайдарманның» жаңа атқарушы директоры болып Жанасыл Болатбек тағайындалған.
Айта кетейік, қазір «Жайдарманның» Қазақстан бойынша 20-дан астам филиалы, 150 өкілдігі бар.