13.05.2020, 01:25
Мәдениет
Димаш Құдайберген 13 мамыр күні онлайн концерт өткізеді
Концерт Мәдениет және спорт министрлігінің Youtube арнасында өтеді
Фото: баспасөз қызметінен
Танымал әнші Димаш Құдайберген елордада жеке онлайн концерт өткізеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазақтың аты әлемге әйгілі дүлдүл әншісі Димаш Құдайбергеннің елорда төріндегі жеке концертін өткізіп алмаңыздар! 13 мамырда сағат 20:00-де Мәдениет және спорт министрлігінің Youtube арнасында Димаш Құдайбергеннің #BASTAU live Show онлайн концерті беріледі. Оған әнші Майра Мұхамедқызы, Лорин (Loreen), Софи Эллис-Бекстор (Sophie Ellis-Bextor), Кристина Орбакайте қатысады», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
01.10.2026, 09:38
Ақтауда бір топ полицей түнгі клубтардың бірінде алаңсыз жүрген жас жігітке тап берді (ВИДЕО)
01.10.2026, 09:35
«Жалаңаяқ қыз» әнінің бағын ашқан танымал әнші өмірден озды
01.10.2026, 16:20
Ұлдананың анасы да, оның отбасы да Әділет Зейнелді жәбірленушілер қатарынан көргісі келмейді – адвокат
01.10.2026, 14:18
Астанада блогер Ерболат Жанабылов әйелімен жанжалдасқаннан кейін қамалды