Оқырмандарына ақыл айтқан Ерке Есмахан Абай мен Қадыр Мырза Әліні шатастырып, ұятқа қалды

Автор: Аягөз Құрмаш

Әнші орыс тілінде сұрақ қойған оқырманына өлеңмен жауап бермек болған 

Фотоколлаж/Әбілқасым Есентаев

Әнші Ерке Есмахан оқырмандарына ақыл айтқан кезде ұлы Абай мен қазақтың біртуар ақыны Қадыр Мырза Әлінің өлеңін шатастырып, ұятқа қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әншінің оқырманы «Сіз неге орысша жазбайсыз? Кейбір оқырмандарыңыз сіздің тіліңізді түсінбейді» деп жазған еді.

«Осыны жазып тұрған сіздің тегіңіз Жырғалбекова екен. Неге сіздің тіліңізде деп тұрсыз? Қазақ тілі сіздің тіліңіз емес пе? Қазақпын, қазақша сөйлеймін, қазақша жазамын. Түсінбегендер, аударып алсын. Қазақша ойлап, сөйлеу мен үшін сән», - дейді әнші.

Осылайша, әнші «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деген өлең тармағын қосып, бұл шумақтың авторы Абай деп жазған. Алайда, бұл өлең шумақтары Қадыр Мырза Әлінің атақты «Ана тілің - арың бұл» өлеңінің үзіндісі еді. Кейін қатесін көрген Ерке Есмахан марқұм Қадыр Мырза Әліні мазаққа айналдырып, шатасқанын мойындаған. 

«Қадыр Мырза Әлі атам маған «Абай емес, мен оны жазған» деп ұрсып жатыр. Кешіріңіздер. Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте. Қадыр Мырза Әлі», - деді Ерке Есмахан.