Беларусь астанасы Минскіде 2 миллион халық тұрады
Еуропаның ең таза әрі жасыл алқапты қаласы Минскі туристер жаппай ағылатын қала болмаса да, тарих пен өзіндік стилі қалыптасқан шаһар. Оның мыңжылдық тарихы бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Беларусь еліне ұйымдастырылған баспасөз туры барысында бас қала Минскінің тыныс-тіршілігімен танысудың жолы түсті.
Алғашында әуежайдан тұманды болып көрінген Минскі һтуристерді таңқалдыратын тұстары да жоқ емес екенін байқатты. Әуежайдың өзінен қалаға ағылып жатқан туристерді байқамайсың.
Қала аумағының 40% астамын әртүрлі саябақ, сквер мен трактаттар алып жатыр. Сонымен қатар, қаланың коммуналдық қызметтері 110% жұмыс істейтіндей әсер қалдырды: бұл қаланың көшелері мұнтаздай таза тұрады екен.
Сондай-ақ, халық көп болғанына қарамастан, Минск әлемдегі ең қауіпсіз қалалардың бірі. 2019 жылы Numbeo жасаған қауіпті қалалар тізімінде ол 292-ші орынға ие болды, бұл қаланы ТМД-дағы ең қауіпсіз қалаға айналдырды.
Сәулет өнерінде еуропалық стиль байқалады. Қаланы қақ ортасынан бөліп жатқан Свислочь өзенінің жағалауында батыс архитектурасын еске салатын тұрғын үйлер тізілген. Сондай-ақ, қалада тарихи, мемориалды кешендер де аз емес. Беларусь халқы өзінің тарихы мен тәуелсіздігін құрмет тұтады. Оған байланысты оқиғаларға қатысты ескерткіш, еске салу кешендері аз емес.
Қаладағы барлық атау беларусь және орыс тілдерінде жазылған. Қалада 19 ғасырдан бастап сақталған ғимараттарда тұратын адамдар терезелерін заманауи пластикке ауыстыра алмайды, оған заңмен тыйым салынған. Олар осылайша ескіліктің белгісіне құрметпен қарайды.
Тағы бір қызықты тарихи деркке сүйенсек, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Минск толығымен жойылған, сондықтан елдің жоғарғы басшылары қаланы қалпына келтіру мәселесін қызу талқылаған. Олар бірнеше шақырым жерде жаңа қала салмақ болған, дегенмен, ақыр соңында бұрынғы шаһарды қалпына келтіру туралы шешім қабылданған. Қала тұрғындары қаланы қайта салу кезінде көшелерін осындай кең қылып салған екен. Соның арқасында, қазір 2 млн халқы бар қалада кептеліс жоқ.
Ұлттық валюта - беларусь рублі. Қазақстанның теңгесіне шаққанда 1 рубль 146 теңгеге тең келеді. Минскіден базарлық аламын десеңіз, мына дүкенде олар 5 беларусь рублден басталады. Яғни, 732 теңге. Беларусь халқының ұлттық тағамы - драник.
Қазақстандық туристер visa, Mastercard банк карталарымен сауда жасай алады.